4 Мамыр 2024


ШҚУ NATIONAL H-INDEX RANKING – 2024 РЕЙТИНГІНІҢ    УНИВЕРСИТЕТТЕР ТОБЫНДА КӨШ БАСТАДЫ

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті жоғары ғылыми әлеуеті бар National H-index Ranking – 2024 рейтингінің    университеттер тобында көш бастады.

National H-index Ranking ғылыми және зерттеу мекемелерін Scopus, Web of Science және Google Scholar-дағы біріктірілген көрсеткіштері негізінде бағалайды. Оның нәтижелері бойынша мекемелер үш санатқа бөлінеді. Атап айтқанда, ғылыми әлеуеттің көшбасшылары – елдегі ең ықпалды ғылыми мекемелердің 10%-ы. Жоғары ғылыми әлеует – ғылыми әлеуеті жоғары және ықпалды рейтингтік зерттеу мекемелерінің 30%-ы және үшінші санат рейтингке қатысушылар.

Мәселен,университеттің былтырғы позицияларымен салыстырғанда,Scopus-та Хирш индексінің көрсеткіштері бойынша  ЖОО 58-ші орында болса, биыл 30 орынға дейін көтерілді. Ал, Web of Science-та 66-шы орыннан 34 орынға дейін көтерілді. Google Scholar-да бір позицияға 9-дан 8-ге дейін көтерілді.

Бұл жетістіктер университеттің ғылыми қоғамдастығының зор еңбегі.