10 июня 2024


ШҚУ-ДЫҢ КОМПЛАЕНС-ОФИЦЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Комплаенс-офицері Қайнар Жексембаев жоғары оқу орындарының комплаенс-офицерлеріне арналған республикалық семинарға қатысты. Іс-шараны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-да ұйымдастырды.
Семинар барысында спикерлер өзекті тақырыптар бойынша тренингтер өткізіп, қатысушылар жоғары білім берудегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің проблемалық мәселелері және кадр саясатын іске асыру кезіндегі тәуекелдер туралы сараптамалық пікір алмасты. Кездесу соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.