16 июля 2024


МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да Медициналық колледждердің түлектері үшін үш жылдық қысқартылған оқу мерзіміне құжаттарды қабылдау басталды.
Университет медициналық колледж түлектері үшін келесі білім беру бағдарламаларын ұсынады: «Педагогика», «Дефектология», «Психология», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау», «Химия мұғалімдерін даярлау», «Биология мұғалімдерін даярлау».
Айта кетейік, қысқартылған оқу мерзімі бойынша құжаттарды қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады.