6 сентября 2024


ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ӨКІЛІНЕ «ДАНА БАЛА» ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

«Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің өкілі Раушан Қозкеева келді. Ол орталықтың зертханаларымен және университеттің «Ерекше қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау және әдістемелік-технологиялық сүйемелдеу жөніндегі құзыреттілік орталығы» коммерцияландыру жобасымен танысты.


Сонымен қатар, университет қонағы ШҚУ мен ШҚО Білім басқармасының Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі арасындағы ынтымақтастықтың тиімді тәжірибесі туралы айтып берді.


Раушан Асқатқызының айтуынша, «Dana bala» — бұл арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы ғылым мен практиканы біріктірудің бірегей алаңы.