17 сентября 2024


БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Шемонаиха ауданының Верх-Убин мектебінің базасында «Барлығына қолжетімді сапалы білім: даму стратегиялары» тақырыбында білім беру қызметкерлерінің педагогикалық конференциясы өтті.

Білім бөлімінің басшысы Данияр Жүнісовтың шақыруымен конференцияда С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ирина Ровнякова баяндама жасап, серіктестікке ұсыныс жасады. Іс-шара барысында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Шемонаиха ауданының білім бөлімі мен алма-матер арасында өзара серіктестік туралы меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, университетке және Жоғары колледжге түскен ең көп түлектері бар мектеп директорлары ректордың алғыс хаттарымен марапатталды.  Сондай-ақ , университетті  бітіргеннен кейін өз ауданының білім беру мекемелеріне жұмысқа орналасқан түлектерге алғыс хаттар табысталды.