20 сентября 2024


БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ДОСТЫҚ КЕШІ

№ 1 студенттер үйінде 40 бірінші курс студенттеріне арналған шығармашылық кеш өтті. Шақырылған қонақтардың арасында тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Жаннета Калимолдина, тәрбие және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлім басшысы Дәурен Байдрахманов және университет психологы Айым Кенжебаева болды.

Жоғары курс студенттері арнайы ойындар, әндер мен билер дайындады. Осылайша, жаңа студенттер үлкен университеттік қауымдастықтың бір бөлігі екенін сезінді.

-Бұл шараның ұйымдастырушыларына алғысымды білдіремін. Бірінші курс студенттеріне қазір жан-жақты қолдау қажет. Университет басшылығы бізге  бейімделу үшін барлық жағдайды жасап жатыр, — деді «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының студенті Али Ермеков.