2 октября 2024


COURSERA ПЛАТФОРМАСЫНА КУРС ӘЗІРЛЕУ БОЙЫНША ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Amanzholov University оқытушыларына арналған «coursera платформасына арналған жаппай онлайн курстардың оқу мазмұнын жоспарлау және педагогикалық жобалау» оқыту семинары өтті. Іс-шара барысында Қазақстан бойынша coursera платформасына алғашқылардың бірі болып курс енгізген Гүлназ Садықанова тәжірибесімен бөлісті.

Семинар барысында платформаға сабақ жүктеудің талаптары, құрылымы, бейнежазбаға қойылатын талаптар кеңінен түсіндірілді.

— Біздің ШҚУ Қазақстан бойынша coursera платформасына курс енгізген алғашқы ЖОО-лардың бірі. Енді екі тақырыпта курс әзірлеп жатырмын. Бұл платформа оқытушылар үшін, студенттер үшін де өте ыңғайлы. Осы жолдағы тәжірибеммен бөлісіп, әріптестерімді онлайн оқыту курстарын дайындауға шақырамын, — деді Гүлназ Садықанова.

Толық курсты дайындау үшін үш жылдан артық еңбек еткен биология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Гүлназ Садықанова платформаға курс енгізу үшін дайындалған курс жаңа ғылыми жаңалықтар мен өзекті ақпараттарға толы болу керектігін басып айтты. Басты талаптардың бірі өзге тілде жарияланған осы тақырыптардағы курстардан артықшылығы болуында.

Семинарға қатысқан оқытушылар қызығушылық танытып, осы жоба аясында жұмыс істеуге ниет білдірді.

Еске салайық, платформаға жүктелген курсқа республика көлемінде 120-ға жуық адам тіркеліп, алғашқы 30  білім алушы сертификаттарға ие болды