24 октября 2024


РЕСПУБЛИКА КҮНІ: ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ АРАСЫНДАҒЫ МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСТАР

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Шет тілдері және аударма ісі кафедрасында түрік тілінің профессорлары Садулла Думан және Гюль Бану Думан ұйымдастыруымен Шет тілі: екі шет тілі білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Республика күні қарсаңында  мерекелік шара өткізді.

Қазақстан мен Түркия арасындағы білім, ғылым және мәдени қарым-қатынас күннен-күнге дамып келеді. Студенттеріміз тек қана шет тілдерін үйреніп қоймай екі елдің мәдениетін, салт-дәстүрін, әдебиетін тоғыстырып ортақ құндылықтарды бойларына сіңіріп келе жатыр. Бұл олардың тек академиялық білімін байытып қана қоймай, болашақта біздің халықтарымыздың арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз.