2 декабря 2024


ХИМИЯ КАФЕДРАСЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ӨЗЕКТЕНДІРУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Химия кафедрасының жобалау комитетінің отырысында қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге, кәсіптік стандарттарға және салалық біліктілік шеңберлеріне сәйкес келу мақсатында кафедраның білім беру бағдарламасын өзектендіруге қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Кафедра оқытушылары, сондай-ақ № 3 мектеп-гимназиясының директоры Қ.Ғазизова, № 1 ОМ директоры Сайлаубек Әділ, «ШҚО бойынша Қазгидромет» ШЖҚ РМК директоры Л. С. Болатқан, «Alex Lab Орталық талдау зертханасы» ЖШС зертхана бастығы Т. И. Желомбаев: «ВНИИцветмет» химия-талдау зертханасының бастығы А. А. Ершошкина, «Казстандарт» Шығыс Қазақстан филиалының директоры Е. Б. Фирсова және кафедра магистранттары, докторанттары қатысты.

Химия кафедрасының меңгерушісі Б.К. Шаихова отырысқа қатысушыларды қолданыстағы білім беру бағдарламаларымен, олардың өзекті нормативтік талаптарға сәйкестігімен, сондай-ақ бағдарламаларды өзектендірудің негізгі тәсілдерімен таныстырды. Олар «Химия IP», «Химия биология», «Химия», «Химия наноматериалдар», «Химиялық криминалистикалық сараптама» білім беру бағдарламалары. ББ өзектендіру шеңберінде жұмыс берушілер үшін химия және сабақтас пәндер саласындағы мамандарды даярлау үшін қажетті бастапқы құзыреттерді ескеретін сауалнама әзірленді.

Жұмыс берушілердің өкілдері білім алушыларды «Alex Lab орталық талдау зертханасы» компаниясының зертханасында оқу және өндірістік практикаларға жіберуді ұсынды, сондай-ақ осы зертханада кафедра филиалын ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Білім беру бағдарламаларының менеджерлері жұмыс берушілер мен стейкхолдерлердің ұсыныстарына сүйене отырып, ББ мазмұнын жаңа оқу жылына өзектендіруді ұсынды.