20 декабря 2024


ШЕТ ТІЛДЕРІ ЖӘНЕ АУДАРМА КАФЕДРАСЫНДА АКАДЕМИЯЛЫҚ КОМИТЕТТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Шет тілдері және аударма  кафедрасында академиялық комитеттің отырысы өтті. Оған Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейдің директоры Ж.Қ. Назарбаев, Риддер қаласындағы №10 орта мектептің директоры Р. К. Бердіғожаева, «Бест» білім беру орталығының директоры А. А. Аймухамбетова, «Видергебурт» тіл орталығының директоры Е. В. Шумахер, сондай-ақ кафедра студенттері мен оқытушылары қатысты. Шет тілдері және аударма кафедрасының меңгерушісі Г. К. Капышева білім беру бағдарламаларына қысқаша шолу жасап, кеңес мүшелеріне оқу жоспарын өзектендіру үшін жоспарланған өзгерістер бойынша өз ұсыныстарын енгізуді ұсынды.

Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар өзекті тақырыптарды қарастырды. Олардың қатарында білім беру бағдарламаларының  паспортына және мазмұнына өзгерістер енгізу, 2024-2025 оқу жылына арналған «6В01703 Шет тілі: екі шет тілі», «6В02301 Аударма ісі», «7М01703 Шет тілі: екі шет тілі» ББ элективті пәндер тізімін қалыптастыру, білім беру бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жобалық комитеттің ұсыныстарын әзірлеу, сондай-ақ элективті пәндер каталогындағы пәндерді түзету жұмыстары бар.