27 декабря 2024


ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ғылыми кеңестің кезекті отырысында алты мәселе қаралды. Атап айтқанда, гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебінде кадрлар даярлау сапасы, бакалавриат, магистратура және докторантура мамандықтары бойынша аттестаттау комиссияларының төрағалары мен құрамын бекіту, дипломдық жұмыстардың жетекшілері мен тақырыптарын бекіту, докторлық диссертациялардың тақырыптарын бекіту, ШҚУ-дың ПОҚ және қызметкерлерінің 2025 жылға арналған біліктілігін арттыру жоспары, сондай-ақ С.Аманжолов атындағы ШҚУ Ғылыми кеңесінің бұған дейін қабылдаған шешімдерді орындалуы қарастырылды.

Сонымен қатар, Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры Ержан Домалатов педагогикалық бағыттар бойынша бітіруші курс студенттерінің педагогтердің білімін бағалау туралы ҚР ҒЖБМ тапсырмаларының орындалуы туралы хабардар етті.

Отырыстың соңында қатысушылар QS Stars және GreenMetric халықаралық рейтингтерінің нәтижелерін және 2025 жылға арналған негізгі міндеттерді талқылады. Сондай-ақ, университет қызметкерлері салтанатты түрде марапатталды.