8 января 2025


ОҚУШЫЛАР «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ВИКТОРИНАҒА ҚАТЫСТЫ

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Құқықтану кафедрасында мектеп оқушыларының қысқы демалысына орай «Заң және тәртіп» тақырыбындағы қызықты викторина өткізілді, сонымен қатар Өскемен қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері жас өспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтарыдың алдын алу және күресу бойынша әңгіме өткізіп, сұхбат  берді.

Аталған іс-шараға Өскемен қаласының №15 және Қ.Қайсенов кентінің Р.Марсеков атындағы орта мектептің 10-11 сынып оқушылары қатысты. Оқушыларға Академик Б.Мамраев атындағы ғылыми кітапхана, криминалистикалық орталық  және ШҚО Полиция департаментінің Жедел-криминалистикалық басқармасының Криминалистикалық полигонына экскурссия жасалды.  Сондай-ақ оқушыларға Құқықтану, Сот және прокурорлық  қызмет білім беру бағдарламалары жайлы кәсіптік бағыт-бағдар жүргізілді. Іс-шара соңында қызықты викторинаға белсенді қатысқан оқушылар Алғыс хатпен марапатталды.