9 января 2025


БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да «Академиялық инновациялар» қысқы мектебі аясында профессорлық-оқытушылар құрамына арналған «Оқушылардың оқу жетістіктерін Блум таксономиясы арқылы бағалау» тақырыбында семинар өтті. Бұл педагогтар мен әдіскерлер үшін білім беру мақсаттарын қалыптастыру және оқу жетістіктерін бағалау үшін қолданылатын маңызды құрал.

Семинар қатысушылары Блум таксономиясын білім беру тәжірибесінде қолдану мәселелерін, сондай-ақ Л.Андерсон мен Д.Кратвол әзірлеген жаңартылған нұсқаларын талқылады.

Іс-шарада педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ғаян Ғұбайдуллина сөз сөйледі.

– Семинар тақырыбы өте өзекті, себебі ол практикалық маңызға ие. Оқытушылар бұл концепцияларды студенттеріміздің оқу жетістіктерін бағалау кезінде тәжірибеде қолдана білуі маңызды, – деді Ғаян Ғұбайдуллина.