27 января 2025


БҮГІНГІ – ЗЕРТТЕУ, ЕРТЕҢГІ – ҒЫЛЫМ

2025 жылғы 27 қаңтарда бастауыш сынып оқушыларына арналған «Бүгінгі – зерттеу, ертеңгі — ғылым» атты халықаралық ғылыми-танымдық онлайн-конференцияның бірінші күні өтті. Конференцияны Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің физика және технологиялар кафедрасы ғылыми-зерттеу жұмыстарының ұйымдастыру бөлімімен бірлесіп ұйымдастырып өткізді.

Конференцияға қатысу үшін әртүрлі тақырыптар бойынша 35 баяндама ұсынылды: шуды және балама энергия көздерін зерттеуден бастап, үй жағдайында өсірілетін дәрілік өсімдіктерді зерттеу және қағазға екінші өмір сыйлау туралы тақырыптар қамтылды.

Конференциядағы қазылар алқасының мүшелері:

                1.            Баймолданова Ләззат Сарқытбекқызы – қазылар алқасының төрағасы, «Техникалық физика» мамандығы PhD, физика және технологиялар кафедрасының меңгерушісі, С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың қауымдастырылған профессоры;

                2.            Квеглис Людмила Иосифовна – ф-м.ғ.д., С. Аманжолов атындағы ШҚУ физика және технологиялар кафедрасының және Сібір Федералды университетінің материалтану және материалдарды өңдеу технологиясы кафедрасының профессоры;

                3.            Макаров Сергей Викторович – ф-м.ғ.д., профессор, Цифрлық технологиялар, электроника және физика институтының директоры, Алтай мемлекеттік университетінің жалпы және эксперименттік физика кафедрасының меңгерушісі;

                4.            Веремчук Людмила Павловна – тарих ғылымдарының докторы, ҚАЕУ құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры;

                5.            Сегеда Тамара Александровна – ф-м.ғ.к., «Қазцинк» жобаларының үйлестірушісі;

                6.            Северинова Елена Александровна – п.ғ.к., логопед-мұғалім, ШҚО Білім басқармасының Өскемен қаласы білім беру бөлімінің «Көпбейінді №37 орта мектеп» КММ Зерттеуші-педагог;

                7.            Смолина Галина Спиридоновна – С. Аманжолов атындағы ШҚУ физика және технологиялар кафедрасының бұрынғы аға оқытушысы, бес орден және медаль иегері, ағартушы үздігі.

 

1-орын

Панкова Варвара және жетекшісі Киевская Елена Александровна, ШҚО Білім басқармасының Өскемен қаласы білім беру бөлімінің «№2 жалпы білім беретін мектеп» КММ.

Филатов Виктор және жетекшісі Киевская Елена Александровна, ШҚО Білім басқармасының Өскемен қаласы білім беру бөлімінің «№2 жалпы білім беретін мектеп» КММ.

2-орын

Күлібаева Дарина және жетекшісі Гладких Татьяна Александровна, ШҚО Білім басқармасының Өскемен қаласы білім беру бөлімінің «№2 жалпы білім беретін мектеп» КММ.

Ойнас Марк және жетекшісі Резникова Валентина Тимофеевна, ШҚО Білім басқармасының Өскемен қаласы білім беру бөлімінің «№13 орта мектебі» КММ.

3-орын

Карякина Дарья және жетекшісі Дмитриева Ирина Александровна, ШҚО Білім басқармасының Өскемен қаласы білім беру бөлімінің «М. Шаяхметов атындағы №23 орта мектебі» КММ.

Погорелов Артем және жетекшісі Әмірова Әсел Оралбекқызы, ШҚО Білім басқармасының Өскемен қаласы білім беру бөлімінің «Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №4 орта мектебі» КММ.

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!