28 января 2025


БІРЕГЕЙ HEADHUNTER: AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН АНЫҚТАМАЛЫҚ ӘЗІРЛЕНДІ

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-да жұмыс берушілерге арналған «Түлек-2025» электронды анықтамалық әзірленді. Жаңа ресурс 2025 жылғы университет түлектерінің білімі, дағдылары, ғылыми және практикалық жетістіктері туралы толық ақпаратпен дайындықтың барлық бағыттары бойынша түйіндемелерін қамтиды.

Әзірлеме жұмыс берушілерге жас мамандарды іздеудің ыңғайлы құралын ұсына отырып, білім беру процесі мен еңбек нарығы арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.

– Мұндай анықтамалық ШҚУ-да жыл сайын шығады. Бұл жұмыс берушілерге сәйкес мамандарды іздеуге уақытты үнемдеуге және түлектердің біліктілігімен олардың оқуын аяқтағанға дейін танысуға мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл студенттерімізге де, әлеуетті жұмыс берушілерге де тиімді, – деп атап өтті «Professional Upgrading» мансап орталығының маманы Арайлым Раисова.

Айта кетейік, ақпараттық база жұмыс берушілер үшін университеттің ресми сайтындағы «Мансап және жұмысқа орналасу» бөлімінде қолжетімді.