28 января 2025


ШҚУ СТУДЕНТТЕРІ ҚАЛАЛЫҚ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің түлектері Өскемен қаласындағы Мансап орталығының ұйымдастыруымен өткен қалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты. Іс-шараға өңірдегі жетекші компания өкілдері қатысып, жас мамандарға бос жұмыс орындарын ұсынды.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі студенттерге жұмыс берушілермен тікелей тілдесіп, кәсіби дамуға қатысты кеңес алып және бос вакансияларға түйіндеме тастап кетуге мүмкіндік берді.

Ұйымдастырушылар осындай бастамалар аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізетінін атап өтті. Жас мамандардың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыруға да оң ықпал етеді.

Айта кетейік, жәрмеңкеге қатысу «Дұрыс жұмыс және экономикалық өсім» тұрақты даму мақсатын жүзеге асыруға бағытталған жұмыстардың бірі.