28 января 2025


ҒЫЛЫМҒА ҚАДАМ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН-КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

2025 жылдың 28 қаңтарында  Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-дың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру бөлімі мен IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің физика және технологиялар кафедрасының ұйымдастыруымен «Зерттеулер – бүгін, ғылымға қадам – ертең» тақырыбындағы мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне арналған «Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар» бағыты бойынша Халықаралық ғылыми-танымдық онлайн-конференцияның екінші күні өтті. Конференцияға әдебиеттен бастап заң ғылымдарына дейінгі әртүрлі тақырыптар бойынша 23 баяндама ұсынылды. Бүгін баяндамашылар үш тілде өз еңбектерін таныстырды. Барлық баяндамалар қызықты әрі мазмұнды болды.

Бүгінгі күннің жеңімпаздары:

Колледж студенттері арасында:

1-орын

Сергиенко Анель мен жетекшісі Мельникова Любовь Васильевна (МКҚК «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі»).

2-орын

Любивая Елизавета мен жетекшісі Мироненко Инна Павловна (МКҚК «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі»).

3-орын

Подойникова Ксения мен жетекшісі Мироненко Инна Павловна (МКҚК «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі»).

 

Мектеп оқушылары арасында:

1-орын

Овчинникова Антонина мен жетекшісі Акетова Меруерт Санярбекқызы (ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№26 орта мектебі» КММ).

2-орын

Карменова Дарина мен жетекшісі Ерохина Евгения Юрьевна (ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№26 орта мектебі» КММ ).

3-орын

Сотникова Владислава мен жетекшісі Ершова Татьяна Александровна (ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің» Лев Гумилев атындағы №38 гимназиясы » КММ).

Бимдельманова Аружан мен жетекшісі Заманбеков Архат Рүстемұлы (ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Лев Гумилев атындағы №38 гимназиясы » КММ).

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!