26 февраля 2025


WorldSkills –AMANZHOLOV UNIVERSITY Жоғары колледжі» колледжішілік чемпионатының ашылуы салтанатты түрде өткізілді.

Мақсаты: WorldSkills қозғалысының маңыздылығын түсіндіру, оның еліміздегі кәсіби білім мен дағдылардың дамуына қосатын үлесін талқылау, жастарды кәсіптік мамандықтарға тарту және  кәсіби біліктілікті арттыра отырып колледжішілік жеңімпаздарды анықтау.

Қалыптасқан дәстүр бойынша білімділер күш сынасатын WorldSkills чемпионаты биыл 27 ақпаннан – 12 наурыз аралығында, келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

  1. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыты:

«Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзыреттілігі;

«Графикалық дизайн» құзыреттілігі.  

  1. «Білім беру» бағыты:

«Мектепке дейінгі тәрбие» құзыреттілігі;

«Бастауыш сыныпта оқыту» құзыреттілігі.

  1. «Зертханалық химиялық талдау»

«Зертқаналық технология» құзыреттілігі.

Жалпы чемпионатқа Жоғары колледж қабырғасынан аталған құзыреттіліктер бойынша 45 студент өз білімдерін сынға салады.

«WorldSkills – Жоғары колледж АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІ» чемпионатының қатысушылары мен сарапшыларға білім додасында ұшқырлы ой мен ерен жетістіктер тілейміз!