27 февраля 2025


«АНАҒА ХАТ» ЧЕЛЛЕНДЖІ

Баршаңызды 28 ақпаннан — 8 наурыз аралығында  «Анаға хат» челленджіне қатысуға шақырамыз!

Бұл челлендждің мақсаты — анамызға деген шексіз сүйіспеншілігімізді, алғысымызды білдіру. Өз аналарымызға, апаларымызға, әжелерімізге арнап ыстық ықыласқа толы, сағыныш хатын жазамыз!

Жақындарымызды бағалай білейік, олардың өмірімізде қаншалықты маңызды екенін әрқашан есімізде сақтайық! Анаға арналған хат — бұл тек сөздер емес, жүректен шыққан сөздер!

Қалай қатысу керек?

  1. Анаңызға немесе жақындарыңызға деген шынайы сезімдеріңізді жазып, хат жазыңыз.
  2. Бұл хатты әлеуметтік желілерде #vkuанағахат хештегімен бөлісіңіз.
  3. Челленджге достарыңызды шақырыңыз, олар да осы челленджге қатысып, хаттарын жазып, бөліседі!

Бұл челлендж — махаббатымызды және алғысымызды көрсету үшін керемет мүмкіндік!