6 марта 2025


ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖДЕ «ҮЛГІ-СЫНАМА ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ» КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫ ӨТТІ

2025 жылдың 6 наурызында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Жоғары колледжінде «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Зертханалық технология» мамандығының маңыздылығын, өңірдегі кәсіпорындардағы сұранысын туралы түсіндіруге бағытталған «Үлгі-сынама дайындау және химиялық тәжірибе» кәсіби бағдар беру шеберлік сыныбы өткізілді. Шеберлік сыныпқа Өскемен қаласының «№2 жалпы бірім беретін мектеп» КММ және «№35 орта мектебі» КММ бітіруші түлектері қатысты.

Іс-шараның мақсаты: жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын түсіндіру,  қазіргі еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптер туралы ақпарат беру, жас ұрпақты кәсіптік білім алуға ынталандыру.

 

Шеберлік сыныбы барысында оқушылар жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы маңызы мен келешегі туралы толық ақпарат алып, зертханалық тәжірибеге қатысты. Жоғары колледж өкілдері оқушыларды кәсіби білім алуға шақырып, ашық есік күндеріне қатысуға ұсыныс жасады.