12 марта 2025


INDIAN INSTITUTE OF MANAGEMENT BANGALORE: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ БАҒЫТЫ АНЫҚТАЛДЫ

Amanzholov University және Indian Institute of Management Bangalore Swami Vivekananda Cultural Centre қолдауымен онлайн жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында экономика, бизнес және инклюзивті білім беру салаларындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Сондай-ақ, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер үшін тәжірибе алмасу және зерттеулер жүргізу мүмкіндіктері ұсынылды. Бұдан бөлек, экономика және бизнес салаларындағы білім беру бағытын дамытуға арналған оқу бағдарламалары қаралды.
Бұл ынтымақтастық студенттер мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, академиялық өсуді және халықаралық байланыстарды нығайтуды көздейді.

Айта кетейік, IIM Bangalore World University Rankings – Masters in Management және QS WUR Ranking By Subject рейтингтерінде 32-орында тұр.