12 марта 2025
«XXI ғасыр педагогикасындағы Абай мұралары»
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті 2025 жылдың 24-25 сәуірінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аясында «XXI ғасыр педагогикасындағы Абай мұралары» атты педагогикалық мамандықтар студенттеріне арналған ІV Республикалық педагогикалық олимпиадасын өткізеді.
Олимпиаданың мақсаты: студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашып көрсету, талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау, студенттердің интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруда көмек көрсету, қазіргі заманымыздың ғылыми мәселелерін шешуге студенттер мен жас ғалымдарды тарту, ғылымға деген қызығушылықтарын дамыту.