13 марта 2025


КӨРІСУ КҮНІ

Қадірменді ұстаздар, студенттер!

Ертең елімізде Наурыз мейрамының басы — Көрісу күні өтеді. Бұл күнді халқымыз Амал мерекесі деп те айтады.

Қыстан аман-есен шығып, көктемге аяқ басып, туыс-туыспен, көрші-қолаңмен қауышып, жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілеп, ізгі лебіздерін жеткізеді.

Ертеңнен бастап біздің Amanzholov University-де «Наурызнама» мерекесінің онкүндігі басталады. Әр күні арнайы атаумен белгіленген іс-шаралар өткізіледі. Баршаңызды белсенділік танытып, қалыспай қатысуға шақырамыз!