14 марта 2025


ҚҰРЫЛТАЙ 2025: ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫ КАНДИДАТЫНЫҢ ЭКСПЕРТТІК ПІКІРІ

Қазақстан Ұлттық құрылтайының төртінші отырысы дәл Көрісу күнін өтіп жатқаны ерекше жайт. Ұлттық құрылтайдың қатысушылары – Қазақстанның барлық әлеуметтік топтарының өкілдері. Құрылтайдың 100 қатысушысының ішінде қоғам қайраткерлері, қоғамдық бірлестіктер мен қоғамдық пікірдің өкілдері бар. Бұл жерде халықтың барлық өкілі бір деңгейде қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылайды. Көтерілген мәселелер шешімін тауып жатқанын айта кету керек. Алдыңғы құрылтайда талқыланған мәселелердің көбі оң шешімін тапты. Мысалы, 10 заң жобасына өзгерістер енгізілді. Бұл өте үлкен көрсеткіш. Осы жолғы құрылтайдың да тиімді әрі жемісті болатынына сенімдімін.

Гүлмира Байыркенова

Заң ғылымдарының кандидаты, С.Аманжолов атындағы ШҚУ профессоры