14 марта 2025


ҚҰРЫЛТАЙ-2025: ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУҒА КӨЗҚАРАС

Ұлттық құрылтай еліміздің болашағына қатысты негізгі мәселелерді талқылайтын маңызды алаңға айналды. Құрылтайдың күн тәртібінде әлеуметтік-экономикалық даму, дәстүрлі құндылықтарды қолдау және өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселелері қарастырылды. Форумға қатысушылар жоғары білім, мәдениет және әлеуметтік саясат сияқты түрлі салаларды дамыту жөнінде ұсыныстарын белсенді түрде білдірді.

Құрылтайда Қазақстан азаматтарының барлығына қатысты өзекті мәселелер көтерілгені маңызды. Біз қоғам ретінде бұл мәселелерді бірлесіп шешуге ұмтылуымыз керек. Ұлттық құрылтай – билік пен халық арасындағы диалогқа тағы бір мүмкіндік. Осы форумда айтылған идеялар өмірге тиімді түрде енгізіліп, әр отбасы мен әрбір азамат үшін нақты сапалы өзгерістер әкеледі деп сенемін.

Даурен Байдрахманов
Тәрбие және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлім жетекшісі