14 марта 2025
ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ: БІРТҰТАС ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ
Осымен IV рет өтіп отырған Ұлттық Құрылтай отырысындағы көтерілген мәселелер қазіргі таңда мемлекет үшін, халық үшін өзекті. Оның ішінде ерекше атап өтерлігі балалардың болашағы, оларға көрсетілетін қамқорлықтың нақтылығы. «Қазақстан балалары» атты біртұтас бағдарлама қабылданса, ол тұрмыстық зорлық-зомбылық, өкінішке орай балаларға қарсы болып жатқан құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік бере түсері анық. Білім мен тәрбиені қатар алған елдің болашағы жарқын. «Біртұтас тәрбие» бағыты елдегі барлық мемлекеттік білім ошағына енгізе отырып, отаншыл, білімді, жасампаз ұрпақ тәрбиелеуге жол ашамыз. Осылай біз елдің Адал азаматтарын тәрбиелейміз.
Дамудың даңғыл жолына таңдаған еліміз үшін бұл Құрылтайда қозғалған мәселелердің маңыздылығы зор. Сондықтан, әр айтылған бағыт бойынша атқарылатын істердің нәтижелі болуы әр қазақстандыққа тікелей байланысты екені де сөзсіз. Бұдан бөлек, Президент әрбір облыс орталығында ерекше қажеттілігі бар, соның ішінде аутизмге шалдыққан балаларды оңалту және дамыту орталықтарын құру керектігін айтты. Жыл соңына дейін осындай балаларға жан-жақты қолдау көрсету ісін реттейтін жаңа заң әзірлеу керек деді. Қазақстанда ерекше қажеттілігі бар әрбір баланың толыққанды білім алуға мүмкіндігі болуы керек. Бұл – өте маңызды мәселе. Біздің С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Эргопедагогика», «Ерте әсер ету педагогикасы» деген жаңа білім бағдарламаларын ашылған. Білесіздер, Қазақстанда 200 мыңнан астам бала ерекше білімді қажет етеді. Инклюзивті білім мен тәрбиені қажет ететін 16 мың бала ШҚО-да. Осы ретте біздің университетте «Dana bala» инклюзиялық орталық ашылып, бүгінде өз жұмысын қарқынды жүргзуде. Тірек-қимыл аппаратын дамыту бойынша нақты іс-шараларды қолға алынды. Арнайы педагогикалық-психологиялық құрылғыларды шығарып жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын енді жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен екі есе қарқынмен атқарылатын болады деген сенімдеміз.
Мұхтар Төлеген
С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың басқарма-төрағасы, ректор