15 марта 2025


ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІ

Бүгін «Наурызнама» онкүндігі аясында Қайырымдылық күні өтеді.

Бұл халқымызды мейірімділік пен татулыққа шақыратын керемет күн. Мұқтаж жандарға қол ұшын созу, қонақжайлық көрсету – қазақтың қанында бар қасиет.

Наурызды мерекелеу кезінде бұл қасиеттерді барынша кеңінен насихаттау үшін біздің университет студенттері Өскемен қаласындағы Балалар үйі мен Балалар ауылына, сонымен қатар қазыналы қарттарымызға қолдау көрсетіп, қуантып қайтады.