17 марта 2025


Оқушыларды «Жас зерттеуші» байқауына қатысуға шақырамыз

📢 Оқушыларды «Жас зерттеуші» байқауына қатысуға шақырамыз!
«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ 2025 жылдың 24-26 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысының мектеп оқушыларына арналған Ғылым Фестивалі аясында «Жас зерттеуші» байқауы өтетінін хабарлайды
📚 Байқаудың негізгі бағыттары:
✔ География-Жаратылыстану
✔ Математика-Физика
✔ Өнер
✔ Тарих-Тіл білімі
✔ Информатика
✔ IT және робототехника саласындағы қолданбалы зерттеулер
✔ Әлеуметтік жоба волонтерлік қызмет саласындағы, қалалар мен ауыл мектептерін дамыту.
Бастауыш сынып оқушылары үшін «Ғылымға алғашқы қадамдар» номинациясы қарастырылған.
🗣 Фестивальдің жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
📅 Қалай қатысуға болады?
2025 жылдың 11 сәуіріне дейін келесі құжаттарды konfervku2023@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет:
✅ Қатысуға өтінім
✅ Ғылыми-зерттеу жұмысы
✅ Презентация
📍 Өтетін орны:
Жобаларды қорғау 2025 жылдың 24-26 сәуір офлайн режимде ШҚО, Өскемен қ., Қазақстан к-сі., 55 мекен-жайы бойынша «Абай» конференец-залында өткізіледі.
🏆 Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2025 жылдың 26 сәуірінде өткізіледі.

✨ Баршаңызды байқауға қатысуға шақырамыз! 🚀

 

Фестиваль Науки 2025 (1)

Ғылым Фестивалі 2025 (1)