17 марта 2025


ШЕТЕЛДІК ТАЛАПКЕРЛЕР НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАДЫ

№1 Студенттер үйінде ШҚУ-дың дайындық бөлімінде оқып жатқан талапкерлер «Наурыз-2025» мерекесін атап өтті. Думанды кештің негізгі ерекшелігі – ұлттық нақыштағы киім үлгісі болды. Қатысушылар камзол мен шапан киіп, қазақы ою-өрнекпен көмкерілген әшекейлермен сәнденді.

Мерекеге орай ән мен күй шырқалып, ұлттық билер орындалды. Сонымен қатар, қонақтар үшін кең дастархан жайылып, қасиетті ораза ұстаған жандарға ауызашар берілді.