28 марта 2025
Қазақстандық физикалық қоғам (KPS) төртінші жыл сайынғы конференцияны өткізеді
«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ және «Қазақстандық физикалық қоғам» РҚБ 2025 жылғы 4-7 маусымда Өскемен қаласында өтетін ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФИЗИКАЛЫҚ ҚОҒАМНЫҢ IV ЖЫЛ САЙЫНҒЫ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА қатысуға шақырады.
Қазақстандық физикалық қоғам (KPS) Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында (Өскемен қ.) физика және сабақтас пәндер саласында жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының ғалымдары арасында ғылыми өзара әрекеттесу, тәжірибе алмасу және зерттеулерді үйлестіру үшін бірегей тұғырнама ұсынатын Төртінші жыл сайынғы конференцияны өткізеді.