29 марта 2025


ПББ: БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕР ДАЙЫНДЫҚТЫҢ МАҢЫЗДЫ КЕЗЕҢІНЕН ӨТУДЕ

ШҚУ-дың педагогикалық білім беру бағдарламаларының бітіруші курс студенттері педагогтердің білімін бағалау (ПББ) бойынша сынақ тестілеуден өтіп жатыр.

Бұл тек білімді тексеру ғана емес.  Білім беру саласында табысты мансапқа жету жолындағы маңызды қадам. ПББ нәтижелері жас мамандардың жұмыспен қамтылуына тікелей әсер етеді. Ал біздің университет түлектері дәстүрлі түрде жоғары деңгейде дайындалуда, — ректор Мұхтар Төлеген.

Биыл 2730 түлек оқуын тәмамдаса, оның 1296-сы болашақ педагогтер.

Бірнеше жылдан бері ШҚУ ПББ қорытындылары бойынша Қазақстандағы жоғары оқу орындарының көшбасшылары қатарында. Педагогикалық ББ түлектерінің алғашқы жылда жұмысқа орналасуы бойынша елдегі ТОП бестіктің ішінде.

Мұның бәрі оқытушылардың, мықты әдістемелік базаның және студенттердің кәсіби өсуге деген ұмтылысының нәтижесі. Тестілеу қатысушыларына сәттілік тілейміз! Сіздер қазақстандық білім беру саласының жарқын болашағысыздар, біз сіздерге сенеміз, — деп қорытындылады университеттің бірінші жетекшісі.