31 марта 2025


БОЛАШАҚ-2025: «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ» ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСУ

ШҚУ-да «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ – «Болашақ» бағдарламасының төрағасы Әділ Құсмановпен онлайн-кездесу өтті. Кездесу барысында 2025 жылға арналған ғылыми тағылымдамалар мен стипендиялық бағдарламаның бағыттарына енгізілген негізгі өзгерістер талқыланды. Сонымен қатар, үміткерлерді іріктеудің жаңа кезеңдері мен минималды шекті талаптар жарияланды.