31 марта 2025


ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР ОҚУШЫЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ

Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдары мектептердегі көктемгі каникул кезінде бірқатар іс-шара өткізді. «Бірыңғай әдістемелік күн» блогы аясында облыс педагог-психологтары үшін «Ерекше білім алу қажеттілігі бар оқушылардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық қолдау «Бір-бірімізге қадам жасайық» атты семинар-практикум ұйымдастырылды. 

Іс-шараға С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Психология және коррекциялық педагогика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры,  пс.ғ.к, Ю.Е. Кукина және сениор-лектор К.Д. Канапиянова қатысты.  «Дефектология» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері «Ұстазым» әнін дактильді ым-ишара тілінде орындады.