2 апреля 2025


ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕСІ

Педагогика жоғары мектебі Қабанбай батыр атындағы әскери кафедрамен бірлесіп «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасының студенттеріне «Тәртіп пен тәрбие – әскери қызметтің қос қанаты» тақырыбында патриоттық тәрбие сағатын өткізді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, сабақтың мақсаты – отансүйгіш, ел мүддесін қорғайтын адал патриоттарды тәрбиелеуге үлес қосу.

Қабанбай батыр атындағы әскери кафедрасының орынбасары, полковник Қанат Кемелбаев студенттерге кафедраның құрылу тарихын, сондай-ақ Қазақстанның Халық Қаһарманы, даңқты панфиловшы жауынгер Бауыржан Момышұлының ерліктерін баяндады.

Сонымен қатар студенттерге Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі әскери қызметшілердің орналасуы, ішкі тәртіп және әскери құрылымның ұйымдастырылуы туралы ақпарат берілді.

Сабақ соңында студенттер Қабанбай батыр атындағы әскери кафедрадағы қару-жарақ, техника, оқу сыныптарымен және музеймен танысты.