2 апреля 2025


МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ: МУЗЫКА САБАҚТАРЫН ӨТКІЗУДІҢ ЖАҢА ӘДІСТЕМЕСІ

Жоғары педагогика мектебінде әдістемелік нұсқаулық аясында «Бриг» Жеке бизнес-мектебінің жоғары санатты музыка мұғалімдерімен және қалалық кәсіби шеберлік байқауларының лауреаты Любовь Рыльскаямен кездесу өтті. Ол музыка саласындағы мол тәжірибесімен бөлісіп, «Музыка сабағындағы ойын технологиялары» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Спикер қатысушыларға «Өз ойыным» викторинасын өткізу жолдарымен таныстырды.

Кездесу кафедра студенттері мен оқытушыларынан құралған командалар арасындағы жарыспен аяқталды. «Біз джаз жанрынанбыз» командасы 593:583 есебімен жеңіске жетті.

Мәдениет, спорт және бастапқы әскери дайындық кафедрасы