2 апреля 2025


«СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕ БҰЗЫЛЫСЫ БАР БАЛАЛАРҒА ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ» ДӘРІСІ ӨТТІ

Психология және коррекциялық педагогика кафедрасының «Арнайы педагогика» ББ студенттеріне ШҚО ББ «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының» мұғалім-логопеді, сарапшы, әлеуметтік білімдер магистрі Назерке Қыстаубаева «Мектепке дейінгі мекемелердегі сөйлеу тілінде бұзылысы бар балаларға логопедиялық көмек көрсету» тақырыбында қонақ дәрісін өткізді.

Назерке Жүнісханқызы мектепке дейінгі мекемелердегі сөйлеу тілінде бұзылысы бар балаларға логопедиялық көмек көрсету жолдарына және басқа да өзекті мәселелерге тоқталды. Әр түрлі сөйлеу бұзылыстарымен жұмыс істеу әдістері, олардың алдын алу, сондай-ақ қазіргі заманғы логопед маманының рөлі мен міндеттері түсіндірілді. Логопедиялық көмек көрсету тек балалардың сөйлеу қабілетін дамыту ғана емес, сонымен қатар олардың психоәлеуметтік дамуына да үлкен әсер етеді.
Дәрісте студенттерге психологиялық және педагогикалық қиындықтарды шешуге бағыт-бағдар мен құнды ақпарат берілді. Білім алушылар қызықтырған сауалдарына жауап алып, алғыстарын білдірді.