2 апреля 2025


ШҚУ ПРОФЕССОРЫ KOKAND UNIVERSITY ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРІНЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ

Экономика, менеджмент және қаржы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD доктор Майнұр Ордабаева «ORHUN» академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Өзбекстандағы Kokand University студенттеріне дәрістер оқып бастады.

Сондай-ақ, ШҚУ өкілі халықаралық қатынастар бөлімінің жетекшісі Ұлуғбек Мамадалиевпен және халықаралық туризм және экономика кафедрасының меңгерушісі Хамиджон Расуловпен кездесіп,екіжақты серіктестік пен тәжірибе алмасу барысын талқылады.

Айта кетейік, Майнұр Ордабаева дәрістері 16 сәуірде аяқталады.