3 апреля 2025


Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға конкурс ашық

Назар аударыңыз! Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға конкурс ашық!
Бұл студенттер үшін өз білім көкжиегін кеңейтіп, жаңа академиялық ортаға бейімделіп, басқа университеттің оқытушылары мен студенттерімен танысып, баға жетпес халықаралық тәжірибе алуға тамаша мүмкіндік!

Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі: 2025 жылғы 1 мамыр!

Қалай өтініш беруге болады?
1-қадам: Барлық қажетті құжаттарды бір PDF файлға сканерлеп, өз атыңызды (Т.А.Ә.), білім беру бағдарламасын (БББ) және курсыңызды көрсетіп, mezhdunar_otdel@vku.edu.kz электронды поштасына жіберіңіз
2-қадам: Құжаттардың түпнұсқасын (міндетті түрде скоросшивательмен бірге) Халықаралық ынтымақтастық бөліміне тапсырыңыз (5-корпус, 302-кабинет)

Маңызды!
Қажетті құжаттар мен өтініштердің толық тізімі Google Дискте қолжетімді. Сілтемені сипаттамадан таба аласыз.

Халықаралық академиялық бағдарламаға қатысып, жаңа білім мен ұмытылмас тәжірибе алуға мүмкіндік жіберіп алмаңыз!

Егер сізде сұрақтар туындаса, Халықаралық ынтымақтастық бөліміне хабарласыңыз. Барлық қатысушыларға сәттілік!