3 апреля 2025


БОЛАШАҚ ДЕФЕКТОЛОГТАРҒА АРНАЛҒАН ҚОНАҚ ДӘРІСІ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ “Дефектология” білім беру бағдарламасының студенттеріне Әйгерім Қайратова «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған жеке білім беру бағдарламаларын құру және жүзеге асырудағы дефектологтың рөлі» тақырыбында қонақ дәрісін өткізді.

Дәріс барысында дефектологтың ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсетудегі рөлі айтылды. Жеке білім беру бағдарламаларын құру мен оны іске асырудың маңыздылығы талқыланды. Жеке білім бағдарламасы әр баланың дамуына, білім алу мүмкіндігін ашуға қаншалықты ықпал ететіндігі түсіндірілді.
Тәжірибелі мамандардың дәрісі болашақ дефектологтардың білімін арттырып, келешек жұмыстарынДа қолдануға үлес қосады.