3 апреля 2025


ШҚУ-ДА ТҮРІК АЗАМАТЫ ТҮРІК ТІЛІНЕН ЕМТИХАН ӨТКІЗДІ

Түркиядан келген ерікті Садуллах Думан Amanzholov University студенттері арасында түрік тілін меңгеру деңгейін анықтайтын емтихан өткізді. Емтихан студенттердің тілдік дағдыларын бағалау және университетте түрік тілін оқыту бағдарламаларын әрі қарай дамыту мақсатында жүргізілді. 

Емтиханға қатысқан студенттер грамматика, лексика, тыңдалым және ауызша сөйлеу дағдыларын көрсетті. Емтихан нәтижесінде білімгерлердің тіл меңгеру деңгейлері анықталып, оқытушылар оқу процесін толықтырып, студенттерге түрік тілін үйренудің ең тиімді әдістерін ұсынуға мүмкіндік алады.

Сонымен қатар, мұндай емтихандар халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және студенттердің шет тілдерін үйренуге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.