3 апреля 2025


“ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ — МӘҢГІЛІК ЕЛ БАСТАУЫ” ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ

Химия кафедрасы екінші мәрте «Қазақ хандығы — Мәңгілік ел бастауы» тақырыбында интеллектуалдық ойынын ұйымдастырды.

Зияткерлік ойынның мақсаты — білімалушылардың танымдық қабілетін, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамытып, оқуға деген белсенділіктерін арттыру.

Сайысқа химия-криминалистикалық сараптама, химия, химия-биология білім беру бағдарламаларының студенттерінен құралған командалар қатысып, Қазақстан тарихы бойынша білімдерін ортаға салды.

Шынайы білім жарысында Тұран тобы (Есеналі Ғалым, Сәйдоллаұлы Балғын, Маратов Мағжан) озып шығып жеңімпаз атанды. Ұпай саны бойынша аз айырмашылықпен «Intelligence patriot», «Amanat» топтары лайықты қарсылас бола білді. Барлық қатысушылар мен қазылар алқасына (қауымдастырылған профессор З.С.Даутова, сениор-лектор А.К.Бұлғымбаева, Тарих білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Д.Даулетханов) сертификаттар мен  Алғыс хаттар табысталып, Абайдың қара сөздері сыйлыққа берілді. Ал,  жеңімпаздар арнайы дипломмен марапатталып топ мүшелеріне театрға үш билет сыйланды.

Айта кетейік, интеллектуалдық ойын — тек білім бұлағы ғана емес, ептілікке, өз білімін көрсетуге, танымдық қызығушылығын және логикалық ойлауына дамытуға (soft skills) оң әсер етеді.