21 октября 2025


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІПТІК ШЕБЕРЛІК ФОРУМЫ

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында салалар бойынша Республикалық кәсіби шеберлік форумы өткізілді. Форум ШҚО Білім басқармасының ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қолдауымен өтті.

Аталған форумның негізгі мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби шеберлігін арттыру, сондай-ақ мамандарды қазіргі заман стандарттарына және жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес даярлау сапасын жақсарту.
Форум аясында 14–15 қазан күндері 19 құзыреттілік бойынша кәсіби шеберлік байқаулар өтті. «Білім беру» бағыты бойынша 45 педагог өзара бақ сынасты.

Колледжіміздің оқытушылары жоғары нәтижелер көрсетіп, келесідей жетістіктерге қол жеткізді: жалпы білім беретін пәндер бойынша Сабетқанова А.С. – II орын; арнайы пәндер бойынша Қажыбаева Ж.Ш. – «Үздік педагог» номинациясы; «Дене шынықтыру және спорт» бағыты бойынша Бақытқанова А.Б. – III орын.

Әріптестерімізді жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Кәсіби қызметтерінде табыс, шабыт және жаңа шығармашылық жетістіктер тілейміз!