23 октября 2025


УНИВЕРСИТЕТ ҚАТАРЫ ЖАҢА PhD ДОКТОРЛАРЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

Ұлы мереке қарсаңында қуанышты жаңалықпен бөлісеміз — университетіміздің ғылыми әлеуеті артып, жас ғалымдар қатары жаңа PhD докторларымен толықты.

Атап айтқанда, 8D05301 «Физика» білім беру бағдарламасы бойынша Баяндинова Молдир Болеухановна, Самарханов Қуаныш Қанатұлы, Маулет Меруерт және  8D05302 – «Химия» білім беру бағдарламасы бойынша Абиқақ Еркежан Баймуратқызына философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Университетте 8D053 «Физика және химия ғылымдары» және 8D015 «Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау» бағыттары бойынша екі диссертациялық кеңес жұмыс істейді.

Бұл жетістік – университет ұжымының жүйелі еңбегінің және ғылыми кадрларды даярлаудағы табысты нәтижесінің айғағы.

Айта кетсек, егер 2010–2017 жылдары университетте тек «Тарих» мамандығы бойынша 7 докторант білім алған болса, 2018–2025 жылдары аралығында 12 білім беру бағдарламасы бойынша 168 докторант қабылданған. Яғни, көрсеткіш 24 есеге артты.

Бұл – Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ғылым мен білімді дамытудағы айқын жетістігі, ғылыми кадрлар даярлаудағы іргелі еңбегінің жемісі.

Жаңа ғылыми табыстар мен биік белестер тілейміз!