24 октября 2025


ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ КАФЕДРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ПАТРИОТТЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің экология және география кафедрасында «Ұлы дала өрнегі: студенттердің Отанға деген көзқарасы» атты патриоттық мәдени іс-шара өтті. Шара Қазақстан Республикасының күніне арналды.

Іс-шараның басты мақсаты – жастардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және өнер арқылы елге деген сүйіспеншілікті нығайту болды.

Бағдарлама аясында «Менің Отаным – Қазақстан» атты сурет байқауының жеңімпаздары анықталды. Туған жер мен елге деген сүйіспеншілікті бейнелеудегі шығармашылық ізденісі мен көркемдік шеберлігі үшін студенттер алғыс хаттармен және дипломдармен марапатталды.

Сонымен қатар іс-шара барысында тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылып, студенттер патриоттық бағыттағы баяндамалар жасап, Отанға деген махаббат пен елге қызмет етудің маңызы туралы өз ойларымен бөлісті.

Қатысушылар мен қонақтар бұл кездесудің тәрбиелік және мәдени маңыздылығын атап өтіп, оның жастардың азаматтық белсенділігін арттыру мен рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы рөлін жоғары бағалады.