Амина Қырықбаева — Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Дене шынықтыру және спорт» БББ 4-курс студенті, рухтың, табандылықтың және спортқа деген шынайы сүйіспеншіліктің үлгісі.
Амина волейболға қызығушылығын бала кезінен бастады. Алғашқы жаттығулардан бастап — бапкерлердің алдында талантты қыз ғана емес, болашақ көшбасшы тұрғаны белгілі болды. Осы жылдар ішінде ол мектеп жарыстарынан бастап ұлттық және халықаралық жарыстарда өнер көрсетіп, волейболдан Қазақстан Республикасының спорт шебері болды.
Қазір Амина Шығыс Қазақстан облысының мақтанышы — «BEREL» волейбол клубында ойнайды
Оның жетістіктері: 12 дүркін Қазақстан чемпионы, жастар арасында екі дүркін ел чемпионы (2024, 2025), Қазақстан чемпионаттарының күміс жүлдегері (U21, U23), Қазақстанның VI жазғы спартакиадасының жүлдегері, жастар арасында Азия Чемпионаттарының қатысушысы — Тайланд (2022), Қытай (2024).
Амина жай ғана спортшы емес, ол өзінің спортқа деген махаббатымен басқаларды шабыттандырады. Достары оны еңбекқорлығы мен көшбасшылығы үшін, мұғалімдер тәртіп пен жауапкершілік үшін құрметтейді, ал бауырлары оны арманның қалай жүзеге асатындығының мысалы ретінде көреді.
Бүгінде Амина Қырықбаева кәсіби волейболшы және болашақ педагог ретінде жетілдіруді жалғастыруда. Ол спорт тек бәсекелестік емес, сонымен қатар мінез, ерік — жігер мен мақсатқа жету қабілеті тәрбиеленетін өмір мектебі деп санайды.
Өзінің жетістіктерімен ол студенттердің жаңа буынын өзіне сенуге, алға ұмтылуға және ешқашан берілмеуге шабыттандырып, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің атын шығара бермек.