30 октября 2025
AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ КОРПОРАТИВТІК МӘДЕНИЕТКЕ DE&I ҚАҒИДАТТАРЫН ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Қазақстанның шынайы жағдайын ескере отырып, компания мәдениетіне әртүрлілік, теңдік және инклюзия (DE&I) қағидаттарын қалай енгізуге болады?» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шара AP23489784 «Қазақстандық ұйымдарда DE&I мәдениетін қалыптастыруды әлеуметтік-психологиялық қолдау» ғылыми-зерттеу жобасы аясында өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына HR-қызмет жетекшілері, бизнес-психологтар, ғылыми қауымдастық өкілдері, магистранттар мен студенттер қатысты. Қатысушылар Қазақстандағы корпоративтік және білім беру тәжірибесіне DE&I қағидаттарын енгізудегі өзекті трендтер мен сын-қатерлерді талқылады.
Кездесудің басты мақсаты – тәжірибе алмасуға арналған сараптамалық алаң құрып, DE&I үлгілерін қазақстандық мәдени және әлеуметтік ерекшеліктерге бейімдеу.
Пленарлық бөлімде профессор Наталья Ладзина корпоративтік дайындығын диагностикалау, фасилитация, коучинг және қызметкерлердің эмоционалды интеллектін дамытуға негізделген DE&I-мәдениетін енгізуге арналған консультативтік модельді ұсынды.
Елена Барабанова DE&I қағидаттарының компаниялардың тұрақты дамуы үшін маңызды фактор екенін атап өтті. Алайда отандық тәжірибеде формалды теңдік пен шынайы қабылдау мәдениеті арасында айырмашылық бар екенін жеткізді. Ол инклюзивті корпоративтік орта қалыптастыру үшін жүйелі тәсіл мен білім беру бағдарламаларының маңызын атап өтті.
Лариса Назырова қазіргі бизнес-ортадағы X, Y, Z және альфа буындарының өзара әрекеттесуіне назар аударып, корпоративтік мәдениетте дәстүр мен инновацияны үйлестіретін стратегиялардың маңызын атап өтті.
Қорытынды панельдік пікірталас халықаралық DE&I тәжірибесін қазақстандық жағдайға бейімдеу, құрмет мәдениетін қалыптастырудағы HR-қызметтердің рөлі және инклюзивті бағдарламалардың тиімділігін бағалау тәсілдеріне арналды.
Практикалық мини-сессия кезінде қатысушылар корпоративтік ортаға DE&I қағидаттарын енгізудің үш негізгі қадамын айқындады. Біріншіден, басшылар мен қызметкерлерді оқыту; Екіншіден, ішкі саясат пен кері байланыс арналарын әзірлеу; Үшіншіден корпоративтік мәдениет аудитін жүргізу.
Шара нәтижесінде декларативті теңдіктен шынайы қабылдау мәдениетіне көшу қажеттілігі атап өтілді. Бұл – заманауи қазақстандық бизнестің тұрақты дамуы үшін маңызды болып табылатын құрмет, диалог және сенім қағидаттарына негізделген тәсіл.