31 октября 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ ICPC ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАУ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ШИРЕК ФИНАЛЫНА ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы Қазақстанда жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі Ұлттық бағдарлама аясында AI-Sana платформасын зерттеуді бастады.

Оқыту барысында 6В06102 – «Ақпараттық жүйелер», 6В06101 – «Робототехника және жасанды интеллект», 6В01514 – «Информатика» (IP) білім беру бағдарламалары бойынша студенттердің төрт командасы ICPC халықаралық студенттік бағдарламалау чемпионы – The 2025 ICPC Kazakhstan Qualification біліктілік кезеңіне қатысты.

Бірінші іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша екі команда The 2025 ICPC Kazakhstan Regional Contest ширек финалына сәтті жолдама алды.

ICPC халықаралық студенттік бағдарламалау олимпиадасы – әлемдегі ең көне, ең ірі және ең беделді бағдарламалау жарысы! Ол әлемнің алты құрлығындағы 100-ден астам елдің 3 000-ға жуық университетінен ондаған мың талантты студенттер мен оқытушыларды біріктіреді. ICPC-ке қатысу шығармашылық ойлауды, командалық жұмыс дағдыларын, аналитикалық қабілетті және шектеулі уақыт жағдайында шешім қабылдауды дамытады.

Біздің командаларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Оларға халықаралық аренада жарқын жеңістер мен жаңа биіктер тілейміз!