4 ноября 2025


ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАСТАР АРАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен сананы қалыптастыруға арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға мемлекеттік органдар өкілдері, құқық қорғау саласының мамандары, ғалымдар және жастар қатысты. Кездесудің мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды нығайту және әділетті қоғам құруда жастардың рөлін күшейту. Сонымен қатар Аманжолов университетінің оқытушылары мен студенттері де белсенді қатысып, пікір алмасты.

Аманжолов университетінің құқықтану кафедрасының қауымдастырылған професоры, заң ғылымдарының кандидаты Гүлмира Байркенова және университет студенті Жігер Сарсенбаев «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен сананы қалыптастыру» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, жастардың қоғамдағы жауапкершілігі мен адалдық қағидаттары жөнінде ой бөлісті:

«Әділетті қоғам тек әділетті азаматтың қолымен құрылады. Адалдық – ұлтты алға жетелейтін басты құндылық»

Кездесу барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық және әлеуметтік аспектілерін талқылап, жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру тетіктерін қарастыру арқылы мемлекеттік органдар мен жастар арасындағы диалогты нығайтуға бағытталған ұсыныстар айтты.

Шара соңында пікір алмасу ұйымдастырылып, студенттер сұрақтар қойып, өз ой-пікірлерін білдірді. Дөңгелек үстел жастардың құқықтық санасын қалыптастыруда маңызды диалог алаңы болды.

Аманжолов университеті әділетті, саналы, елге қызмет ететін жаңа буынды тәрбиелеу жолында осындай іс-шараларды жалғастыра береді.