6 ноября 2025


«КЛИНИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРАШАНЫҢ» АШЫЛУЫ: ПСИХОТЕРАПЕВТ НИКОЛАЙ РЫЧАГОВПЕН КЕЗДЕСУ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Клиникалық-психологиялық қарашаның» салтанатты ашылуы өтті. Шараның алғашқы қонағы – когнитивті-мінез-құлықтық терапия саласының маманы, тәжірибелі психолог-психотерапевт Николай Рычағов болды.

Кездесу барысында психотерапияның мақсаттары, міндеттері және мүмкіндіктері жайлы мазмұнды, ашық әңгіме өрбіді. Спикер когнитивті-мінез-құлықтық тәсілдің негізгі қағидаларын түсіндіріп, кәсіби тәжірибесінен мысалдар келтірді және студенттер қойған көптеген сұрақтарға жауап берді.

Шара жылы да рухты атмосферада өтті. Қатысушылар пайдалы білім алып қана қоймай, психологияның теориялық негіздерінің нақты тәжірибеде қалай қолданылатынын көзбен көрді.

«Клиникалық-психологиялық қарашаның» ашылуы болашақ психологтардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және тәжірибеге бағытталған білім беру үдерісін күшейтуге бағытталған бай бағдарламаның жарқын бастамасы болды.