10 ноября 2025


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФОРИЕНТАТОРЛАРЫ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Апта бойы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің өкілдері Өскемен қаласының орта мектептерінде ата-аналар жиналыстары аясында профориентациялық кездесулер өткізді.

Университеттің профориентаторлары №7, 19, 39 және 48 мектептерге барып, ата-аналарға оқу бағыттары, қабылдау шарттары және университетте білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.

Ата-аналар университеттің білім беру бағдарламаларына жоғары қызығушылық танытып, қабылдау, гранттар және абитуриенттерге арналған қосымша мүмкіндіктер туралы белсенді түрде сұрақтар қойды.